Республикалық қайырымдылық акциясы 2023-2024 оқу жылы аралығында 1 тамыздан 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық науқаны өтеді. Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы жайсыз отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу бойынша іс-шаралар өткізіледі.
2023 жылдың 20 маусымында мектеп бітірушілерге жалпы орта білім туралы аттестат тапсырудың салтанатты рәсімі өтті. Түлектердің ішінен Бакытжан Гаухарға "Алтын белгі" аттестаты мен төс белгісі тапсырылды. Сондай-ақ Дондых Аяулым мен Ержан Ақжібекке "Үздік" аттестат тапсырылды. Оқушылар жеке пәндерді оқып-үйренудегі ерекше жетістіктері үшін мақтау грамотасымен марапатталды. Оқушыларымызға ақ жол, сәтті сапар тілейміз!
4 маусым күні мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен, ата-аналардың қолдауымен мектебіміздің 47 оқушысы Петропавл қаласына барып біркүндік саяхат жасап келді.